Жаңа Конституция — бұл әр азаматтың үні естілетін, құқығы қорғалатын Әділетті мемлекеттің негізі

Жаңа Конституция — бұл әр азаматтың үні естілетін, құқығы қорғалатын Әділетті мемлекеттің негізі. Меніңше, мемлекеттің басты байлығы — адам және оның бостандығы. Сондықтан бұл жаңартуларды қолдау — мемлекетіміздің іргесін бекітіп, келешекке нық қадам басу деген сөз. Жаңа Конституцияны еліміздің дамуындағы тың белес деп білемін. Біз шәкірттерімізге әрқашан әділдік пен заңды құрметтеуді үйреттік, ал бұл реформалар — сол құндылықтардың мемлекеттік деңгейде бекуінің көрінісі. Ата Заңның жаңартылуы — тек саяси қадам емес, бұл біздің балаларымыз бен немерелеріміздің еркін, құқықтық қоғамда өмір сүруіне жасалған үлкен көмек.

 

Суингалиева Кымбат Шокаевна