АЭС — маңызды стратегиялық бағыт

⚜️Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев өзінің соңғы халыққа Жолдауында атом электр станциясын салу мәселесін көтерді және оны халықтың шешіміне салып осы референдум арқылы шешуді ұсынды.
Қазақстандағы атом электр станциялары (АЭС) елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және электр энергиясының тапшылығын жоюға үлкен мүмкіндік береді. АЭС-тің құрылысымен және жұмысымен байланысты жаңа мамандықтар пайда болып, жастар үшін жаңа жұмыс орындары ашылады.
Сонымен қатар, АЭС-тің салынуы жергілікті экономикаға да оң әсерін тигізеді. Жаңа инфрақұрылым, тұрғын үйлер, мектептер мен әлеуметтік нысандардың салынуы тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жоба тек энергия өндіру ғана емес, сонымен қатар ғылым мен білімді дамытуға да ықпал етеді. Атом энергетикасы саласындағы зерттеулер мен инновациялар еліміздің технологиялық дамуына серпін береді.
Сондықтан, АЭС-тің құрылысы мен оның жұмыс істеуі еліміз үшін маңызды стратегиялық бағыт болып табылады.

Саринов Шамиль Михайлович
Мәртөк аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы