Атом электр станциясының рөлі мен халық таңдауы
Референдум — еліміздің даму
сатысындағы маңызды мәселелер бойынша
өткізілетін бүкілхалықтық дауыс беру шарасы.
Ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың бастамасымен АЭС салу маселесі бойынша референдум өтеді. “Жалпы күн
өткен сайын экономикамызға мол энергия кажет болып жатыр. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады»
, — деген
Президент сөзіне әрқайсымыз бей-жай қарамауымыз тиіс. Казіргі кезде әлемнің дамыған және дамушы 30 елінде атом электр станциясы бар.
Біздің, елімізге де бұл қуат көзі экономиканың ұлғайып бара жатқан қажетін елеулі дәрежеде өтейді деп сенеміз.
Сонымен қатар, атом электр станциясын салу еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының едәуір бөлігін көмірден алады, бұл қоршаған ортаға зиянын тигізеді және энергия көздерін әртараптандыру қажеттілігін тудырады. Атом энергетикасы – экологиялық таза әрі тұрақты энергия көзі ретінде, елімізді болашақта энергетикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз ете алады.
Тилегенов Сатыбалды Култанович, Сарыжар ауылының тұрғыны, зейнеткер.