ЗАҢ МЕН ТӘРТІП
🔹Мәртөк ауданы аумағында жедел жағайды тұрақтандыру, мал ұрлықтарының алдын-алу, мал ұрлығына қарсы іс-қимыл мақсатында, мал ұрлығын кәсіп еткен қылмыскерлер мен қылмыстық топтарды құрықтап, оларды жауапкершілікке тарту мақсатында ағымдағы жылдың қараша айының 18-20 күндері аралығында “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аудан ішіндегі базарларда, соның ішінде ұрланған мал сатылуы немесе сатып алынуы мүмкін орындарда шұғыл тексеру жұмыстары жүргізілуде. Мәртөк ауданы аумағында осы жылы мал ұрлығы бойынша 5оқиғасы орын алған болатын. Мал ұрлығының негізгі себебі азаматтардың өз малдарын күндіз де, түнде де өз үйлерінің жанында, ауылдардың қараусыз қалдырғаны мал ұрлығына әкеп соғады.
📌Құрметті Мәртөк ауылының тұрғындары мен қонақтары, Бүгінгі таңда ең негізгі және өзекті мәселесі бұл мал ұрлығы болып табылады.