Құқықтық тәртіп жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
Құқықтық тәртіпті сақтау, көшелерде және қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында облыс көлемінде қарашаның 23-25 күні аралығында “Құқықтық тәртіп” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.Іс-шара құқық бұзушылықтың алдын-алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарында тиісті құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында өткізіледі.Егер Сіз қоғамдық орындарда қылмыс немесе құқық бұзушылық жасау фактілері бойынша куәгер болсаңыз немесе олар бойынша қандай да бір ақпаратты немесе маңызды мәліметтерді білсеңіз 102 нөміріне қоңырау шалуыңызды сұраймыз.
#ЗАҢ МЕН ТӘРТІП