Ақтөбеде облысында Президент тапсырмасына сәйкес денсаулық сақтау нысандары бой көтеруде

Ақтөбе облысында Президент тапсырмасыменжүзеге асып жатқан «Ауылдық денсаулық сақтаудыжаңғырту» ұлттық жобасы аясында бірқатарнысандар салынып жатыр.  

Соның ішінде, Алға ауданының Тоқмансайауылында жақында күніне 25 адамды қабылдауғақауқарлы жаңа медициналық пункт ашылады. Бұған дейін жергілікті дәрігер ескі ғимаратта 300-ге жуық ауыл тұрғынына көмек көрсеткен. Заманталабына сай медициналық пунктте жалпыпрактика дәрігерінің кабинетінен бөлекпроцедуралық, күндізгі стационар және дәріханапункті жабдықталуда. Нысан желтоқсан айыныңбасында халық игілігіне берілмек.

Ал Мұғалжар ауданының Жарық ауылындажаңа медициналық пункттің құрылысы жанданды. Жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.

Мұғалжар аудандық ауруханасында жаңажылдан бастап Ауданаралық тері арқылыкоронарлық араласу орталығын ашу үшін қосымшанысан салу жұмыстары басталады. Бұл аудантұрғындарына көрсетілетін медициналыққызметтердің сапасын арттырады, сондай-ақАқтөбе-Астрахань автожолында орын алатынТөтенше жағдайлар кезінде шұғыл медициналықкөмек көрсетуді жеделдетеді.