Таза Казақстан: Ақтөбе жастары жалпыұлттық акцияға белсене қатысуда

Ақтөбеде колледж студенттері Семей ядролықсынақ полигоны құрбандарына арналған ескерткішмаңын қоқыстан тазартты. Сенбілікті қалалықжастар ресурстық орталығы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында ұйымдастырды. Бұл жолы ALT гуманитарлық-техникалықколледжінің студенттері жиналды.

«Осылайша біз табиғатты аялау, құрметтеуидеяларын насихаттап қана қоймай, жастардыңэкологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлесқосамыз. Күннің суытқанына қарамастан, ескерткіштердің айналасын тазалап, тазартып, қоқыстарды шығарып жатырмыз», — дейді Ақтөбеқалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісіАзамат Әбуов.

Колледж студенттерінің арасында басқаөңірлерден келгендер де болды.

«Қаланы таза ұстауға бағытталған акциялартуралы бұрын-соңды естігенмін, бірақ бірінші ретқатысып отырмын. Мен Қызылордаданмын, Ақтөбемен енді танысып жатырмын. Бұл жақ мағанөте ұнайды, қоқыс жиналып тұрған жерді көрмедімжәне қала тұрғындары тарапынан жасалғанвандализмнің куәсі болған жоқпын. Бұл жергіліктітұрғындардың, оның ішінде меніңқатарластарымның да туған жерін жақсы көретінін, оған қамқорлық жасайтынын аңғартады», — дейді 1-курс студенті Тәжібек Байдос.