Заң мен тәртіп: Ақтөбе облысында мал ұрлығы төмендеді
Жыл басынан бері Ақтөбе облысы аумағында 32 мал ұрлығы тіркелді, бұл өткен жылменсалыстырғанда 36 пайызға төмен, деп хабарлайдыPolisia.kz.
Криминалдық полиция қызметкерлерініңмәліметінше, өңірде тіркелген мал ұрлығының 70 пайызға жуығы еркін жайылымнан болған, яғниқараусыз жүрген мал қылмыскерлерге оңай олжаболған. Жеке тұлғалардың ғана емес, шаруақожалықтарының да қараусыз жүрген малдарыұрлыққа жиі ұшыраған. Мысалы, Хромтау ауданында шаруа қожалығының еркін жайылымнан16 сиырдың жоғалғанына байланысты жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция жануарлардың өрістен жүк көлігімен ұрланғанынанықтап, күдіктіні Ақтөбе қаласында сиырлардысойып жатқан жерінен ұстады.
Полицейлердің айтуынша, мұндай қылмыстардыашуда азаматтардың жедел іс-әрекетінің маңызызор. Малдарының жоғалғаны туралы иелерініңбірнеше күннен, кейде бірнеше айлардан кейін ғанахабарлауы полицияның жедел іс-қимылдарға «ізінсуытпай» кірісуіне кері әсер етеді. Дегенмен, бұліздестіру шараларының үздіксіз жалғаса беруінекедергі емес. Мысалы, осы жылдың қарашаайында өткен «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысындаполицейлер өткен жылы Әйтеке би ауданындашаруа қожалықтарының бірінен 8 асыл тұқымдықойды ұрлаған азаматты анықтады. Ауыл тұрғыныұрланған жануарлардың жартысын сойып алып, қалған төртеуін бүгінгі күнге дейін қорасындажасырып ұстаған.
«Мал ұрлығының алдын алу үшін, ең алдымен малды қараусыз қалдырмау қажет. Сондықтан мал иелеріне жергілікті әкімдік және бақташымен біргеүш жақты келісім жасауға кеңес береміз. Сонда бақташы әкімдіктен де жалақы алады, әріматериалдық жауапкершілік те болады. Соныменқатар жоғалған малдарды іздеу кезінде олардыңтаңбаларының болуы және базада тіркелген болуыаса маңызды», – дейді Ақтөбе облысы ПД криминалдық полиция басқармасының аға жеделуәкілі Алтынбек Жабаев.