Заң мен тәртіп: Ақтөбе облысында кәмелеткетолмағандар арасындағы құқық бұзушылықтытөмендету шаралары қабылдануда
Ақтөбе облысында «Заң және тәртіп» идеологиясыаясында және «Зорлық-зомбылық, буллингке қарсыбелсенділіктің 16 күні» акциясының өткізілуішеңберінде түнгі рейдтік шаралар белсенді түрдежүргізілуде. Бұл шаралар жасөспірімдер арасындақұқық бұзушылықтардың алдын алу, олардыңқауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелеткетолмағандарды түрлі қауіптерден қорғаумақсатында ұйымдастырылған.
Түнгі рейдтер кезінде құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы билік өкілдері кәмелет жасқатолмаған азаматтардың заңды өкілдерінсіз түнгіуақытта жүру деректерін бақылауда. Соныменқатар, ойын-сауық орындары мен қоғамдықорындарда жасөспірімдерге алкоголь және темекіөнімдерінің сатылуын анықтау жұмыстарынжүргізуде. Рейдтердің негізгі міндеті – кәмелеткетолмағандардың құқық бұзушылық әрекеткебаруына жол бермеу, сондай-ақ, ересектертарапынан жас балаларға заңға қарсы әрекеттердіістеуге итермелеу фактілеріне тосқауыл қою.
Ақтөбе облысының құқық қорғау органдарыжастармен түсіндірме жұмыстарын да жүргізеді. Жасөспірімдермен кездесулер ұйымдастырылып, олармен құқықтық сауаттылықты арттыру, зорлық-зомбылықтан және буллингтен қалай қорғанукеректігі туралы тренингтер өткізілуде. Соныменқатар, жас ұрпаққа құқықтық жауапкершіліктер мен құқықтар туралы ақпарат беріледі.
«Заң және тәртіп» идеологиясы, сондай-ақ«Зорлық-зомбылық, буллингке қарсыбелсенділіктің 16 күні» акциясы аясындағы түнгірейдтер – жастардың құқықтарын қорғаудың, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздыинструменты болып табылады. Бұл шараларАқтөбе облысында кәмелетке толмағандардыңқұқық бұзушылықтарға қатысуын төмендетуге, зорлық-зомбылық пен буллингпен күресугебағытталған. Жасөспірімдердің құқықтары мен қауіпсіздіктері басты назарда қалып, оларға қоғамтарапынан қолдау көрсету мақсатында әрекеттератқарылуда.