Жолдау-2024: Ақтөбе облысында ауылдық мектептерді дамыту жұмыстары жүргізілуде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектептерді жаңарту және цифрлық технологиялардың қолданылуын әрі қарай дамыту туралы айтылды.
Осы тапсырмалар аясында Ақтөбе облысында цифрлық технологияларды пайдалана отырып, шағын жинақты мектептерді дамыту жобасы сынақтан өтті. Жобаны іске асыру барысындаауылдық жерлерде білім беру сапасы мен оқытудыңтиімділігі айтарлықтай артқаны анықталды, депхабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Ақтөбе облысының барлығы 10,5 мың оқушыконтингенті бар 134 шағын жинақты мектебіпилоттық жобамен қамтылды. Жоба қорытындысыбойынша мектептердің 77,4%-да жоғары сапалыинтернетке қол жеткізу мәселесі шешімін тапты.
«Оқу процесінде цифрлық шешімдер, соның ішіндетірек мектептер оқытушылары озықтехнологияларды тиімді пайдалануды, оқушығаоңай жеткізуді жүзеге асырды. Жобаны іске асырунәтижесінде мектептер онлайн-оқытуға арналған155 жаңартылған цифрлық кабинеттер мен зертханалық жұмыстарды жүргізуге арналғанғылым кабинеттерін алды. Сондай-ақ, 1000-нан астам педагог білім беру бағдарламалары бойыншаоқудан өтті. Оқу жетістіктері мониторингініңнәтижелері оқушылардың барлық пәндер бойыншаүлгерімінде оң динамиканы көрсетті», – деп атапөтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетітөрағасының орынбасары Әлия Чокушева.
Бүгінде Қазақстанда 8 мың мектеп бар, оның67,4%-ы ауылдық жерлерде орналасқан, ал 51,2%-ы шағын жинақты мектептер болып табылады. Шағын жинақты мектептердің ең көбі СолтүстікҚазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, БатысҚазақстан және Ақтөбе облыстарында орналасқан. Алынған нәтижелерге сүйене отырып, аталғанжобаны келесі жылдан бастап жоғарыда аталғанөңірлерде масштабтау жоспарлануда.
Жоба ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасыменАқтөбе облысының әкімдігімен бірлесіп, «Қазақстан халқына» қорының, Білім берудітұрақты дамыту қорының қолдауымен жүзегеасырылуда.