Ауылға көптен күткен газ келді
Қаратаусай ауылына 2024 жылы газ жүргізілді. Газ бен суымыз бар болған соң, біздер, қариялар, шын мәнінде тыныш әрі жайлы өмір сүріп жатырмыз.
Бұдан бөлек, ауылымызға жастардың қайта оралуы да маңызды мәселе. Газдың келуі, ауылдың болашағына жаңа серпін берді. Жастарға ауылда жұмыс істеуге жағдай жасалып, олардың қалаға кетіп қалмауына ықпал ететін мүмкіндіктер туды.
Мемлекетіміз ауылды дамытуға бағытталған істерді жалғастырып, жастарға жұмыс, тұрғын үй, әлеуметтік жағдайлар жасау арқылы олардың өз ауылында қалып, еңбек етуіне мүмкіндік беріп жатыр. Бұл ауылдарымыздың гүлденуіне және халықтың болашағына жасалған үлкен қадам деп ойлаймын.
С. Ермағамбетов
Зейнеткер