Күршімдегі көпір – жай ғана құрылыс емес, барлық өңір үшін жаңа үдеріс пен жаңа мүмкіндіктердің символы іспеттес.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін жаңа көпірде 102 бейнебақылау камерасы орнатылған, оның 62-сі көпірдің жоғарғы бөлігінде, 40-ы көпір асты аймағында орналасқан. Камералар онлайн режимінде жұмыс істейді, бұл жолдың жағдайын үнемі бақылауды қамтамасыз етеді.

Өңір тұрғындары көпір су қоймасының екі жағындағы елді мекендер арасындағы көлік қатынасы мәселесін шешкенін айтады. Аталған көпір азаматтардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етіп, тауарлардың қозғалысын жеделдетіп, халықтың барлық қажетті қызметтері мен қажеттіліктеріне қол жеткізілді.

Күршімдегі көпір Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп қана қоймай, тұтастай алғанда елдің көлік-логистикалық саласының дамуына оң әсерін тигізіп, логистикалық бағыттарды жақсартып, шекара маңындағы елдермен үздіксіз байланыстарды қамтамасыз етті. Сондай-ақ көпір аймақтың туристік әлеуетін арттырып, өңірдегі және Бұқтырма су қоймасының көркем көрінісін тамашалауға мүмкіндік берері сөзсіз.