TikTok әлеуметтік желісіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы «АДАЛ ҚОҒАМ» республикалық байқауының ережесi

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. «Заң және тәртіп» нарративі шеңберіндеҚазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен TikTok әлеуметтік желісіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы «АДАЛ ҚОҒАМ» тақырыбында республикалық байқауынұйымдастырды.

2. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1 Байқаудың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын насихаттау және шығармашылық белсенділікті көтеру.

2.2. Байқаудың негізгі міндеттері:

• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікпен қоғамды қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдау;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттерді шешу кезінде креативті және стандартты емес ойлауды ынталандыру;

• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың инновациялық тәсілдерін іздеу және ілгерілету;

• Парасатты қоғам құру үшін патриотизм мен жеке жауапкершілікті қалыптастыру.

3. ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ЖӘНЕ ЖҰМЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

3.1. Байқауға қатысу тегін және ерікті, 14 жастан асқан TikTok қолданушылары қатыса алады, мемлекеттік және ресми тілдерде ұйымдастырылады.

3.2. Қатысушылар жеке немесе команда ретінде өтінім бере алады.

3.3. Бір қатысушы бірнеше видео ұсына алады, бірақ тек бір видео жеңімпаз ретінде таңдалуы мүмкін.

3.4. TikTok платформасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 30 секундтан 2 минутқа дейінгі аралықта видео дайындау.

3.5. Видеода шығармашылық, мотивация, әрі қоғамға әсер ететін мазмұн көрсету.

3.6. Видеоға байқаудың #АдалKAZ хэштегін қосу.

3.7. Бағалау критерийлері:

Тақырыптың ашылуы.

Шығармашылық тәсіл.

Техникалық сапа (бейне сапасы, дыбысы).

Қоғамға әсер ету деңгейі (лайктар, пікірлер, бөлісулер саны).

4. ВИДЕОҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Видеода сыбайлас жемқорлықты айыптау, адалдық пен әділдікке шақыру идеялары көрініс табуы керек.

Құқық бұзушылықты насихаттайтын, өрескел немесе заңға қайшы контентке тыйым салынады.

•  Контент авторлық құқықтарды бұзбауы тиіс (қолданылған музыка мен материалдар заңды түрде қолданылуы керек).

5. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

Байқаудың басталуы: 14 ақпан 2025 жыл.

Видеоларды жүктеудің соңғы мерзімі: 14 наурыз 2025 жыл.

Қатысушылар видеоны өз аккаунтында жариялап, қажетті хэштегтерді қосуы қажет.

5.1. Байқау қорытындысы туралы шешім бағалау барысында әділ қазылар алқасының мүшелерімен (Департаменттің, Орал қаласы әкімдігінің, жастар ресурстық орталығы және ҮЕҰ өкілдері)қабылданады.

5.4. Бағалау қорытындысы бойынша бірінші, екінші және үшінші орын алған қатысушылар байқау жеңімпаздары болып танылады.

5.5. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және тұрмыстық техникаларға арналған сертификаттармен (І орын – 300 000 теңге, ІІ орын – 200 000 теңге, ІІІ орын – 100 000 теңге) марапатталады.

5.6. Байқау нәтижелері Департаменттің ресми сайтында және оның әлеуметтік желілердегі парақшаларында 2025 жылдың 27 наурызда жарияланады.

5.8. Байқау туралы толық ақпаратты 8 707 280 80 27 телефоны арқылы алуға болады.

6. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

6.1. Бұл ереже бекітілген сәттен бастап күшіне енеді және байқауды өткізуге байланысты барлық рәсімдер аяқталғанға дейін әрекет етеді.

Ұйымдастырушылар бейнелерді байқаудың қорытындысы бойынша қоғамдық жұмыстарда пайдалануға құқылы.

Қатысушылар байқауға қатыса отырып, осы ережелермен толық келісетінін растайды.