Ақтөбе облысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске асуда

Жастардың өзекті мәселелерінің бірі – баспана. Осыған орай, Ақтөбе облысы әкімдігі «Отбасы банкі» АҚ бірлесіп, жұмыс істейтін жастарға арналған «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасының екінші кезеңін жүзеге асыруда.

Бағдарламаны іске асыруға 1 млрд теңге бөлінді, оның 500 млн теңгесі жергілікті бюджеттен, ал 500 млн теңгесі – «Отбасы банкі» арқылы қарастырылған. Биыл 70 отбасы баспаналы болуы жоспарланған. Қазіргі таңда 32 отбасы баспана алып, 18 отбасы тиісті құжаттарды рәсімдеуде, ал 10 отбасы төлем қабілеттілігін растау сатысында. Бұл бағдарламада ауыл жастарына басымдық беріледі.