БҰҰ Бас Ассамблеясы ұйымның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарар қабылдады

Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы 152 елдің бірлескен авторлығымен Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарарды консенсус негізінде қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақорда бұл қарардың қабылдануы еліміздің сыртқы саясаттағы айтулы жетістігі екенін атап өтті.

Президент Қазақстанның бастамасын қолдағаны үшін барлық серіктесімізге ризашылық білдірді.

Мемлекет басшысының пікірінше, БҰҰ-ның Аймақтық хабы халықаралық іс-қимылды үйлестірудің маңызды алаңына айналады.