Қазақстан гендерлік теңдік жолында: мемлекеттік қызметтегі басшылықлауазымдардың 39%-ын әйелдератқарады

«Мемлекет гендерлік теңдікті сақтауға, әйелдерқұқығын қорғауға және отбасы құндылықтарыннығайтуға әрдайым баса мән береді», – ҚазақстанРеспубликасының Президенті Қасым-ЖомартТоқаев.
Мемлекет басшысының бастамасымен жетекші билікоргандарында әйелдерге арнайы квоталар берілді. Нәтижесінде, Парламент пен мәслихаттардағыәйелдер үлесі артты, бұл бағыттағы жұмыстаржалғасуда.
Қазіргі кезде Парламентте 28 әйел депутат бар, бұлжалпы депутаттар санының 18,9%-ы. Мәслихаттарда әйелдердің үлесі – 22,7%-ға (3 415 депутаттың 774-і) жетті.
Мемлекеттің 21 министрлігінде, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет жәнеақпарат министрліктерінде 3 әйел министр, 8 вице-министр, 3 аппарат басшысы бар. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентіне тікелейбағынышты және есеп беретін 14 мемлекеттікорганда 6 әйел басшылық қызмет атқарады. Ел бойынша судья әйелдердің жалпы саны – 1 248 адам(53%).
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 55,8%-ға (84 482 мемлекеттік қызметшінің 47 158-і – әйелдер) жетті. Басшылық лауазымдардағы әйелдердің жалпы үлесі – 39,1% (23 947 басшының 9 363-і).
Сонымен қатар, Үкімет әйелдер кәсіпкерлігін дамытуғакөп көңіл бөлуде. Шағын және орта бизнес иелерініңқұрылымында әйел кәсіпкерлердің үлесі 48%-ға жетті.
Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында бірқатарбағдарламалар іске асып жатыр. Мәселен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қызмет еткен кезең ішінде4,1 млрд теңге көлемінде 105 мыңнан астам әйелдіңжобасына қолдау көрсетті.
Бүгінде әйелдердің тұрғын үй жағдайын жақсартуғаарналған арнайы бағдарламалар бар. «Отбасыбанк» пен Азия даму банкі бірлесіп, «Ұмай» ипотекалық бағдарламасын іске қосты. Үш жыл ішіндебұл бағдарлама 3 660 қазақстандық әйелге баспанасатып алуға көмектесті. Жалпы несие көлемі – 41,2 млрд теңге. Сондай-ақ, асыраушысынан айырылғанәйелдер де енді мемлекеттік тұрғын үй алу кезегінежеке санат ретінде енгізілетін болады.
Өткен жылғы ең маңызды оқиғаларының бірі – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсызаңның қабылдануы. Заңда қылмыстықжауапкершілік қатаңдатылып, отбасы институтыннығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдыналу бойынша бірқатар нормалар бекітілді.
Президент тапсырмасы бойынша, Ішкі істерминистрлігінің Әкімшілік полиция комитетінде «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау» басқармасы құрылды. Әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатыстыжыныстық сипаттағы қылмыстарды тергеу үшін арнайыәйел тергеушілер тағайындалды (республика бойыншатергеу-жедел топтарына 280 әйел тергеуші енгізілді).
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегіинспекторлар 16 мың әйелдің құқығын қорғады.
Аталмыш заңдағы жаңашылдықтардың бірі – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпаратМинистрлігі үйлестіретін бірыңғай Отбасын қолдауорталықтары желісін құру. Осыған байланысты 2024 жылдың маусым айынан бастап мұндайорталықтардың саны 33-тен 104-ке дейін артты.
Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды ертеанықтау мақсатында Мәдениет және ақпаратминистрлігі (МАМ), Еңбек және халықты әлеуметтікқорғау министрлігі (ЕХӘҚМ), Ішкі істер министрлігі (ІІМ) және Денсаулық сақтау министрлігі (ДС) мамандарынан құралған мобильді жұмыс топтарықұрылды.
Сонымен қатар, Қазақстан 1995 жылы Бейжіңдекларациясына қосылғаннан бері тұрақты гендерліксаясатты қалыптастыру бағытын нық ұстанып келеді. Ұлттық және халықаралық қағидалар бірдей назарғаалынған. Осы мақсатта Қазақстанда Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттықкомиссия жұмыс істейді.
Атап айтқанда, Ұлттық комиссия сарапшылары заңшығару процесіне белсенді түрде атсалысады. Олардың қатысуымен отбасылық-тұрмыстық құқықтармен бостандықтарды және балаларды қорғаудықамтамасыз ететін 50-ден астам заңнамалықакт әзірленді.
Сондай-ақ, Ұлттық комиссияның сараптамалықтоптары өңірлерді аралайды. 2024 жылы 2 мың әйел, оның ішінде 134 көпбалалы отбасы қамтылды. Жергілікті жерде мәселелерге кешенді талдаужасалып, өңірлік ерекшеліктер назарға алынып, шешімдер шығарылды.
«TechnoWomen» ұйымы мен халықаралық «AstanaHub» технопаркі серіктесіп, екінші жыл қатарынанжұмыссыз әйелдер мен декреттегі аналардыңцифрлық біліктілігін арттыруға арналған «IT-Aiel» жобасын іске асырды. Оқыту бағдарламасынан өткеналғашқы түлектердің табысы 45%-ға өсті. Биылцифрлық ғылымдар, киберқауіпсіздік жәнеэлектрондық коммерция бойынша 18 мың қыз бен әйел білім алды.
Сондай-ақ, Ұлттық комиссияның тұрақты назарындарепродуктивті денсаулықты қорғау, әйелдеркәсіпкерлігін дамыту және ауылдақ жерлердегіәйелдерді қолдау мәселелері бар.
2025 жылы да Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия алдына бірқатар маңызды міндеттер қойылды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен комиссия саналы ата-ана мәдениетін арттыру, отбасы мен некенің маңызын нығайту, адамгершілікқұндылықтарды дәріптеу бойынша шаралар атқарады.
2025 жыл гендерлік саясат саласындағы екі маңыздыоқиғамен ерекшеленеді. Бірі – Бейжіңдекларациясының 30 жылдығы болса, екіншісі – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Әйелдер. Бейбітшілік. Қауіпсіздік» 1325-резолюциясының 25 жылдығы. Бұл – әйелдер құқығын арттыру жәнегендерлік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған негізгіхалықаралық құжаттар.
Қазақстан халықаралық гендерлік саясат аясындағыміндеттемелерін орындау бойынша ауқымды жұмысатқаруда. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1325-резолюциясын іске асыру жөніндегі Ұлттық іс-қимыл жоспарыжаңартылды. Бұл жоспар халықаралық сарапшылармен дипломатиялық корпус тарапынан жоғары бағағаие болды.
Жоспар аясында гендерлік мәселелер бойынша әскерикеңесшілер даярлау, Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ТЖМ және прокуратура жүйесіндегі әйелдерді басшылықлауазымдарға өсіру, олардың одан әрі мансаптықжолын бақылау және басқа да міндеттерқарастырылған.
Осылайша, Қазақстан гендерлік теңдікті нығайту жәнеәйелдерге қатысты кемсітушілікті жою саясатын жүйелітүрде жалғастыруда. Құқықтық және институционалдықбаза нығайтылып, әйелдердің физикалық, интеллектуалдық және рухани-адамгершілік дамуынақажетті жағдайлар жасалып келеді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөзқызметі