ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ ЖҮРШІ

1 қазан қарттар күніне орай Сарыжар ауылында «Қарттарым, аман-сау жүрші» атты мерекелік концерт өтті.

 

Шараға аудан әкімі А.Салықбаев, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары К.Аймағанбетов, маслихат төрағасы Т.Көлкебаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Шудабаев және қоғамдық ұйымдар жетекшілері мен ауыл әкімі Б.Сәрсенбаев қатысты. Шара барысында ауылдың дамуына сіңірген еңбегі үшін аға буын өкілдері облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді. Аудан өнерпаздары мерекелік концертін ұсынды. Концерттің сәні мен салтанатын арттырып қазақ халқы үшін бүгінгі күні ұлттық құндылыққа айналып үлгерген өнер айтыс ұйымдастырылып, тартысты өнерге сусындаған көрермендер дән риза болды.

Салтанатты кештен соң 170 ардагерлерге құрмет көрсетіліп, арнайы ақ дастархан жайылды. Шараға жиналған замандастар шүйіркелесіп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.