Мемлекет басшысының биылғы құрылтайда айтқан барлық пікірі ел дамуының басты қағидалары мен болашақ бағдарын айқындайды.

Мемлекет басшысының биылғы құрылтайда айтқан барлық пікірі ел дамуының басты қағидалары мен болашақ бағдарын айқындайды.

Әділетті, Қауіпсіз, Таза, Қуатты Қазақстан идеясын ұсыну арқылы Мемлекет басшысы әлеуметтік әділдік, заң үстемдігі, тұрақтылық және экономикалық даму мәселелерін басты орынға қойып отыр.

Әділетті Қазақстан – әлеуметтік теңдік, заңның үстемдігі және әр азаматтың құқықтарының сақталуы. Бұл қағида барша азаматтарға бірдей мүмкіндік беретін қоғам құруды көздейді.

Қауіпсіз Қазақстан – ішкі тұрақтылық, заң мен тәртіптің сақталуы және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Президенттің «Заң және тәртіп – біздің мызғымас тұғырымыз» дегені осыған дәлел. Заң алдында барлығы тең болғанда ғана мемлекет дамуы тұрақты болады.

Таза Қазақстан – бұл экологияны қорғау, жемқорлықпен күресу және ашық әрі адал қоғам құру. Елдегі экологиялық мәселелерді шешу, табиғатты қорғау және таза қала мен ауылдар қалыптастыру – мемлекеттің өркениетті болмысының белгісі.

Қуатты Қазақстан – экономикалық даму, әлеуметтік жағдайды жақсарту және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру. Президенттің «Бұл – әр азамат өз қабілетін шыңдап, адал еңбегімен отбасын асырай алатын ел болу деген сөз» деген тұжырымы еңбекке негізделген қоғам құрудың маңыздылығын көрсетеді.

Президент атап өткендей, бұл идеология қарапайым, түсінікті және ең бастысы, уақыт талабына сай. Қазақстан жаһандық тұрақсыздық жағдайында жаңа даму деңгейіне көтерілуі тиіс, бұл үшін берік негіз қалыптастыру қажет.

А. Абдакиев
Мәртөк аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы