Ұлттық құрылтай – бірлікті бекемдейтін бастама

Ұлттық құрылтай – Қазақстан қоғамын біріктіретін, халықтың үнін билікке жеткізетін маңызды алаң. Бурабайда өткен Төртінші құрылтайда ел дамуының басты бағыттары талқыланып, ұлттық бірегейлікті сақтау, жастардың болашағы, экономикалық серпіліс пен мәдениетті дамыту мәселелері көтерілді.

Бұл жиын – халықтың көкейіндегі мәселелерді ашық айтуына мүмкіндік беретін демократиялық қадам. Мемлекет басшысы әділетті қоғам құруға, жастарға жол ашуға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге басымдық берді.

Ең бастысы, құрылтай қабылдаған ұсыныстар нақты істермен жалғасса, еліміз үшін маңызды өзгерістер болатыны сөзсіз.

Ш. Саринов
Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы