Президенттің «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасының арқасында, бала сүйе алмаған отбасыларда 9 мыңнан астам сәби дүниеге келді

Мемлекет басшысы ұлтымыздың жаңа келбетін қалыптастыруда отбасы институты шешуші рөл атқаратынына үнемі назар аударып келеді. Осы орайда, «Аңсаған сәби» бағдарламасы елдегі көптеген отбасылар үшін үлкен мүмкіндікке айналды. Елімізде бұл бағдарлама енгізілген 2021 жылдан бері бала сүйе алмаған отбасыларда 9 мыңнан астам сәби дүниеге келді.
Ақтөбе облысында «Аңсаған сәби» арқылы (2021-2024 ж.ж.) 1264 отбасы квота алды. Бағдарламаның нәтижелілігі жоғары болып, 41% жағдайда жүктілік сәтті басталды. Бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысында 362 ана дүниеге сәби әкелді, олардың ішінде 24 егіз және 1 үшем өмірге келген. Жалпы, 387 бала дүниеге келді. Бұл тек статистика ғана емес, әрбір көрсеткіштің артында жылдар бойы бала сүйе алмаған жанұялардың үміті мен бақыты жатыр. Бүгінде «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 69 жұп болашақ сәбиін күтіп жүр. Сонымен қатар, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығына Ақтөбе облысына 170 квота бөлініп, оның 70-ін кезекте тұрған отбасылар иеленді.