Мәртөктік оқушылар «Мектеп орманшылығы» жобасын қолдады

Ақтөбе облысында өңір басшысы Асхат Шахаровтың бастамасымен бірегей экологиялық жоба – «Мектеп орманшылығы» іске қосылды. Бұл жоба елімізде теңдесі жоқ, әрі «Таза Қазақстан» республикалық акциясының заңды жалғасы ретінде қарастырылады. Негізгі мақсат – өскелең ұрпақтың табиғатқа жанашырлықпен қарап, экологиялық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.
Мәртөк ауданында да бұл игі бастамаға ерекше қолдау көрсетілді. Аудан әкімі Медет Ысқақов жобаның ашылу шарасына арнайы қатысып, оқушыларға қоршаған ортаны қорғау, орман ресурстарын сақтау мен оларды ұқыпты пайдаланудың маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар, аудан басшысы балалармен бірге ағаш отырғызып, оларға өнегелі ісімен үлгі көрсетті.
Аталған іс-шараға аудан мектептерінен 100-ге жуық оқушы белсене қатысып, табиғат аясында бір күнін пайдалы әрі әсерлі өткізді. Бұл – олардың бойында табиғатқа деген қамқорлықты ерте жастан дарытуға бағытталған нақты қадам.
«Мектеп орманшылығы» – тек ағаш отырғызу емес, бұл – ұрпақ тәрбиесі. Табиғатқа қамқор болу – болашаққа қамқор болу.
Жас ұрпақтың белсенділігі мен ынтасы болашаққа сенім ұялатады!