ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Мәртөк ауданының әкімі Алмас Салықбаев тұрғындарды жеке өтініштері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға тиісті сала басшылары қатысты. Қабылдау барысында бірінші басшыға 4 адам әртүрлі сұрақпен жүгінді. Бұйымтай айта келген тұрғындар тарапынан жұмысқа орналасу, «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен үй алу, әлеуметтік және жер мәселелері көтерілді.

Қабылдау барысында аудан әкімі азаматтарды тыңдап шықты. Барлық сұрақтарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап берілді. Өтініштеріне тиісті жауаптарын беріп, қажетті шаралар қабылданатындығын жеткізді. Жүгінген азаматтардың сұрақтары бақылауда.