АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ТОҒЫЗЫНШЫ СЕССИЯСЫ

Мәртөк аудандық мәслихатының кезектен тыс тоғызыншы сессиясы өтті

Сессия отырысына аудан әкімі А.Салықбаев, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым мүшелері және аудандық мекеме басшылары қатысты. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Т.Көлкебаев төрағалық етті.

Сессияның күн тәртібінде мыналар қаралды: Мәртөк аудандық бюджетін бекіту туралы; «Мәртөк ауданының жер комиссиясының құрамын бекіту туралы; 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы; Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұктаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы; Мәртөк ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы;

Күн тәртібінде қаралған мәселелерге тиісті шешімдер қабылданып, депутаттар тарапынан қолдау тапты.