Бүгін Мәртөк аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті.

Фракция жетекшісі Ануар Искариннің төрағалығымен өткен жиынға Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов, аудандық мәслихаттың төрағасы Талғат Көлкебаев, сондай-ақ фракция мүшелері мен тиісті бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» Сайлауалды бағдарламасының 2023–2027 жылдарға арналған Мәртөк ауданы бойынша Жол картасының орындалу барысы қаралды.
Аудан әкімі Медет Ысқақовтың айтуынша, ағымдағы жылы партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген міндеттер жоспарлы түрде орындалуда. Соның нәтижесінде Сарыжар ауылында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Сонымен қатар 6 елді мекенге көгілдір отын жеткізіліп, Байнассай ауылдық округіндегі медициналық пунктке күрделі жөндеу жүргізілді. Жыл соңына дейін аудан орталығында салынып жатқан өрт сөндіру бекетін пайдалануға беру көзделіп отыр.
Жалпы алғанда, Жол картасындағы барлық көрсеткіштер жоспарға сай орындалып, орындалмай қалу қаупі бар тармақтар жоқ.
Отырыста депутаттар қаралған мәселе бойынша сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды. Талқылау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.




