Мәртөк аруы – 2023
Өткен аптада ауданымыздың сұлуларды бір сахнаға біріктірген «Мәртөк аруы – 2023» байқауы өтті.
Байқау: I.«Өзін-өзі таныстыру»; II.Этно стильдегі киіммен дефиле; III.Өз өнерін көрсету және интеллектуалды сұрақтарға жауап беру бөлімдерінен тұрды.
Сұлулар сайысында қазақ орыс халықаралық университетінің түлегі, Байторысай ауылынан Дания Князьбаева; екінші нөмірлі ару Бөрте ауылдық округінен 11 сынып оқушысы Полина Петренко; Аққайың ауылдық округінен, «Дүние» колледжінің студенті Мария Омельницкая; төртінші нөмірде Саржансай ауылдық округінен, АГЭУ-ның 2 курс студенті және репетитор Василина Князкина болса, бесінші нөмірлі ару мәртөктік Меруерт Мендіғали; Сарыжар ауылдық округінен, Сарыжар жалпы білім беретін мектептің түлегі Ақерке Ұлықпан; жетінші нөмірлі Жайсаң ауылдық округінен, Жайсаң көпсалалы колледжінде оқитын Айнара Рамазанова, сегізінші нөмірлі ару Жайсан жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Аружан Ералина; Жайсан жалпы білім беретін орта мектебінің 11 сынып оқушысы Дильназ Тукешова және оныншы нөмірлі №4 Мәртөк жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Айгерім Маханбетовалар бақ сынасты.
Сайыстың алғашқы кезеңі сән үлгісі этно стильдегі киіммен дефиле көрсетілді.
Келесі турда хас сұлулар өз өнерін көрсетсе, соғы бөлімде интеллектуалды сұрақтарға жауап берді.
Байқау соңында әділқазылар алқасын шешім шығарып, көптен күткен «Мәртөк аруы — 2023» сұлулық байқауының қорытындысын жариялады.
Сайыс қорытындысы бойынша Мәртөк ауылының бұрымдысы Айгерім Маханбетова «Мәртөк аруы — 2023» атағына ие болып, «Ақтөбе аруы — 2024» байқауына тікелей жолдама алды.
Сонымен қатар, қазылар алқасының шешімімен
Сарыжар ауылынан келіп, бағын сынаған Ақерке Ұлықпан «Ақтөбе аруы — 2024» байқауына арнайы шақырту алды.
Сұлулық сайысында бақ сынаған барлық аруларға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.