Кеше өткен Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы ел дамуының негізгі бағыттарына қатысты бірқатар маңызды мәселелерге кеңінен тоқталды.

Кеше өткен Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы ел дамуының негізгі бағыттарына қатысты бірқатар маңызды мәселелерге кеңінен тоқталды. Құрылтай барысында ұлттық құндылықтарды сақтау, қоғамдағы жауапкершілікті арттыру және заманауи талаптарға сай жаңғыру мәселелері күн тәртібіне шығарылды.
Президент өз сөзінде Ата заңның преамбуласын ұлттық болмысты айшықтайтын, уақыт өтсе де өзектілігін жоғалтпайтын мазмұнда қайта жазу қажеттігін атап өтті. Бұл бастама мемлекеттіліктің рухани негізін күшейтіп, тарихи сабақтастықты сақтауға бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырылды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы білім беру саласындағы мемлекеттік қаржыландыру жүйесін шұғыл түрде реформалау міндетін қойды. Бұл мәселе білім сапасын арттырумен қатар, жас ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған өзекті бағыттардың бірі екені айтылды.
Құрылтайда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасына да ерекше назар аударылды. Қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру ісінде жастар мен еріктілер қозғалысының белсенді рөлі атап өтіліп, бұл бағыттағы жұмыстардың тұрақты түрде жүргізілуі қоғамның ортақ міндеті екені жеткізілді.
Жалпы алғанда, Құрылтайда көтерілген бастамалар ұлттық мүдде мен қоғамдық жауапкершілікті ұштастыратын маңызды бағыттарды қамтиды. Аталған ұсыныстардың кезең-кезеңімен іске асуы елдің тұрақты дамуына негіз болып, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара түсіністікті нығайтады деп сенеміз.
А.Абдакиев, Мәртөк аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы.



