Бұл бастамалар ауылдық округтер үшін де аса өзекті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Бесінші Ұлттық құрылтайдағы сөйлеген сөзі – ел дамуының алдағы бағыт-бағдарын айқындаған маңызды әрі мазмұнды баяндамалардың бірі болды.
Мемлекет басшысы өз сөзінде халықтың тұрмыс сапасын арттыру, ауылдық аумақтарды дамыту, әділетті қоғам құру, жастарға қолдау көрсету, ұлттық құндылықтарды сақтау мен еңбек адамының беделін көтеру мәселелеріне ерекше тоқталды. Бұл бастамалар ауылдық округтер үшін де аса өзекті.
Президент көтерген «Адал азамат» қағидаты мен қоғамдық жауапкершілікті арттыру туралы ойлары жергілікті деңгейде нақты істер арқылы іске асуы тиіс деп санаймыз. Бұл бағытта округ тұрғындарымен тығыз байланыс орнатып, ашықтық пен әділдік қағидаттарын басты назарда ұстаймыз.
Бесінші Ұлттық құрылтайда айтылған әрбір бастама – ауылдың әлеуетін арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нақты қадам. Алдағы уақытта Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жолында жүйелі жұмыстар жалғасын табады.
М.Бекжанов, Тәңірберген ауылдық округінің әкімі.



