Цифрлық инфрақұрылымды дамыту – болашақ мамандардың кәсіби бәсекеге қабілеттілігін арттырады

Мен IT мамандығында оқитын студент ретінде Президенттің құрылтайда IT саласына ерекше мән беруін өте маңызды әрі уақыт талабына сай шешім деп санаймын. Қазіргі таңда цифрландыру мен жаңа технологиялар экономиканың, білім мен ғылымның, мемлекеттік басқарудың негізгі қозғаушы күшіне айналып отыр. Сондықтан бұл саланы жүйелі түрде дамыту – елдің тұрақты дамуына жол ашатын стратегиялық бағыт.
IT саласына көрсетілетін қолдау жастардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді. Жаңа стартаптарды қолдау, заманауи білім беру бағдарламаларын енгізу, цифрлық инфрақұрылымды дамыту – болашақ мамандардың кәсіби бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Сонымен қатар, бұл бастамалар Қазақстанның халықаралық деңгейдегі технологиялық дамуын жеделдетіп, әлемдік нарықта өз орнын нығайтуға ықпал етеді деп ойлаймын.
Еркебұлан Тынашев,
Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенті.



