Баршаңызды ауызбіршілік пен татулыққа шақырамын!

 

130-дан астам этнос өкілдері тұратын елімізде жалпыұлттық бірлік пен келісімді сақтау, достық пен татулықты нығайту – басым міндеттердің бірі.
Қазірге кезде Қарғалы ауданында 17 этнос өкілдері өмір сүруде. Олар бір-бірімен отбасылық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас арқылы тығыз байланыс орнатқан.
Ауданымызда достық пен келісімді нығайту мақсатында іс-шаралар үнемі жүргізілуде. Мысалы, ауданда жыл сайын «Достық» фестивалі шеңберінде татулық пен достықты дамытуға бағытталған мәдени, спорттық және білім беру шаралары ұйымдастырылады. Бұл шаралардың негізгі мақсаты – аудандағы этностардың мәдениетін, салт-дәстүрін таныту арқылы бір-біріне деген сыйластықты, достықты нығайту.
Елдің бірлігі мен ынтымағы – әр азаматтың атсалысып, үлес қосуын талап ететін қастерлі құндылық. Біздің жетістігіміз – бірлік пен келісім.

Қарғалы аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Зейнелғабдин Дербиспаев