Халық кеңесі этносаралық жәнеконфессияаралық келісімді қамтамасыз ету жөніндегі міндетті өзіне алады –Конституциялық комиссия

Конституцияда экологиялықжауапкершілікті бекіту ұсынылды
Халық кеңесі Қазақстан азаматыныңәрбір сөзі ескерілетін ерекше платформағаайналады
Конституциялық комиссияның бесіншіотырысында жүйелі диалогтың орнықтыалаңына айналуға тиіс Халық кеңесін құружөніндегі бастамалар талқыланды. СолтүстікҚазақстан облысы мәслихатының төрағасыВладимир Бубенконың айтуынша, жаңаорганның қызметі қоғам мен билік арасындағысенімді нығайтуға, ашық талқылау жәнешешімдерді бірлесіп іздеу мәдениетіндамытуға бағытталған.
«Халық кеңесі заңнамалық бастамақұқығына және республикалық референдумөткізу туралы ұсыныс жасау мүмкіндігіне иеболады. Оның мәртебесі мен өкілеттігінКонституциялық деңгейде бекіту ұсынылады. Бұл оны бірден мемлекеттік биліктің жүйе құраушы институтына айналдырады», – деп атап өтті Владимир Бубенко.
Ол Халық кеңесін құру конституциялықреформаның рухы мен логикасына сәйкес келетінін атап өтті. Бұл нормалар тіпті қоғамдымемлекеттік басқару процестеріне кеңінентартудың құқықтық негізіне айналды.
Сондай-ақ, спикердің айтуынша, конституциялық құндылық ретінде табиғатқа ұқыпты қарау мәселесі де ерекше маңызға ие.
«Конституция деңгейінде экологиялықжауапкершілік қағидаттарын бекіту орнықтыдамуға деген қоғамдық сұранысты көрсетедіжәне өмір сүру жағдайын сақтауға дегенұжымдық жауапкершілік мәдениетінқалыптастырады. Экологиялық қорғау өз мәнібойынша қоғамды және оның ұзақмерзімді мүдделерін қорғаудың нысаны», – деп атап өтті Мәслихат төрағасы.
Сонымен қатар, Владимир Бубенко ХалықКеңесінің Қазақстан халқы ассамблеясыныңэтносаралық және конфессияаралық келісімдіқамтамасыз ету, ішкі саясат пен мемлекеттікидеология бойынша ұсыныстар дайындаужөніндегі функцияларын өз мойнынаалатынына да тоқталды.
«Сайып келгенде, Халық кеңесі қоғамдықсенім институтына айналады. Ол азаматтармен мемлекет арасындағы кері байланыстықамтамасыз етеді, әртүрлі әлеуметтік жәнеэтникалық топтардың мүдделерін келістіріп, қабылданатын шешімдердің заңдылығынарттырады. Жалпыхалықтық референдумдажаңа Конституция қабылдаған жағдайда Халықкеңесі Қазақстан азаматының әрбір сөзі ескерілетін ерекше платформаға айналады», – деді Владимир Бубенко.




