«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП»

«Жайлы мектеп» ұлттық жоба туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылған еді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың  заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады» делінген.

Осы орайда 2023-2025 жылдарға арналған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында оқушы санының артуына байланысты 300 орындық мектеп ғимаратын салу жоспарлануда. Сарыжар ауылдық округінің әкімдігі ауыл ішінен Сарыжар ауылындағы ескі және жаңа құрылыстардың арасынан 2,4 гектар жер учаскесін бөлді. Құрылыс алаңына байланыс желілерін қосу жұмыстары жүргізілуде. Ғимарат құрылысының негізгі кезеңі 2024 жылға жоспарланған. Ғимараттың құрылысын Ақтөбе қаласындағы «Норис и К» ЖШС жүргізеді. Жобаның құны 2,3 млрд теңгені құрайды.

«Жайлы мектеп» жобасы аясында мектеп бірыңғай стандартқа сай салынып, заматнауи техникамен жабдықталады. Балаларды дамыту үшін қосымша мүмкіндіктерге ие болады.

Н. Ашимов,

Мәртөк ауданның білім бөлімінің басшысы.