Конституциялық реформа – болашаққа бағдар

 

Конституциялық реформаның жаңа жобасы жарияланды. Қоғамдық кеңес төрағасы ретінде бұл өзгерістерді еліміздің дамуы үшін жасалған маңызды қадам деп санаймын.
Бұл реформаның басты мақсаты – «суперпрезиденттік» жүйеден арылу, Парламенттің рөлін күшейту және халықтың билікке ықпалын арттыру. Ең бастысы, Ата Заңымызда жер мен оның байлығы халыққа тиесілі деп нақты жазылатын болады. Сондай-ақ, азаматтардың өз құқығын қорғауы үшін Конституциялық сот құрылады.
Бұл – Әділетті Қазақстанды құрудың іргетасы. Баршаңызды осы тарихи кезеңде белсенділік танытуға шақырамын. Ел тағдыры – біздің қолымызда.

Саринов Шамиль Михайлович
Мәртөк аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы