Мәртөк депутаттары жаңа Конститутцияның жобасын талқылады

Бүгін Мәртөк аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының кезекті отырысын өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Дархан Тілеуов қатысып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасады.

Фракция отырысында «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында 2023–2027 жылдарға арналған Мәртөк ауданының Жол картасының орындалу барысы қаралды. Сонымен қатар, 2026 жылға жоспарланған негізгі көрсеткіштер пысықталып, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына енгізілген өзгерістер кеңінен талқыланды. Сондай-ақ депутаттық фракцияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Отырыс барысында биылғы жылы партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде Жол картасы бойынша 35 көрсеткішті жүзеге асыру жоспарланып отырғаны айтылды. Осы бағытта депутаттар бірқатар көрсеткіштердің орындалу мерзімі мен сапасына қатысты нақты сұрақтар қойып, тиісті ұсыныстарын білдірді.

Ауданның халық қалаулылары Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасына байланысты өз пікірлерін ортаға салып, бұл өзгерістердің елдің саяси жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталғанын атап өтті.