Болашақтың іргетасы: Жаңа Конституция бізге не береді?

Ел азаматтары жаңа Конституция жобасын қызу талқылап жатыр. Жобаның басты ерекшелігі – оның ашық әрі халықпен бірге жасалуында. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен дайындалған бұл құжатты нағыз «Халық Конституциясы» деуге толық негіз бар.
Ең маңызды өзгерістер:
1. Жаңа Парламент (Құрылтай): Биліктің тепе-теңдігін сақтайтын, партиялардың рөлін күшейтетін бір палаталы жүйе.
2. Тұрақтылық кепілі: Вице-президент лауазымының енгізілуі және Президент қызметінен кеткен жағдайда сайлаудың тез арада өтуі.
3. Адам құқығы – басты орында: Ата заң білімге, ғылымға және адамның дамуына кепілдік береді. Ендігі байлық – жер қойнауы емес, адамның интеллектісі мен адал еңбегі.
4. «Халық кеңесі»: Этностар мен өңірлердің үнін билікке тікелей жеткізетін жаңа институт.
Жаңа Ата заң – еліміздің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығының, қоғамдағы әділдіктің кепілі. Бұл – жарқын болашаққа жасалған тарихи қадам.

Қаракеев Сәттіғұл Оңғарұлы
«Мәртөк тынысы» ЖШС директоры