Жарияланған конституциялық реформаның жаңа жобасын ықыласпен қабылдадым.

Жарияланған конституциялық реформаның жаңа жобасын ықыласпен қабылдадым. Бұл – еліміздің ертеңі мен келер ұрпақтың қамы үшін жасалып жатқан тарихи әрі құптарлық қадам.
Біздің басты мақсатымыз – бір адамға ғана негізделген «суперпрезиденттік» биліктен арылып, халықтың дауысы анық естілетін, Парламентіміз пәрменді болатын жүйеге көшу. Бұл – уақыт талабы, ел тілегі.
Әсіресе, көңілге қонғаны – Ата Заңымызда қасиетті қара жеріміз бен оның байлығы халыққа тиесілі деп тайға таңба басқандай жазылатын болды. Бұл – ата-баба аманатына жасалған қиянатсыз әділдік. Сондай-ақ, қарапайым халықтың мұңын тыңдап, құқығын қорғайтын Конституциялық соттың құрылуы – әділетті қоғамның басты кепілі.
Бұл реформа – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы берік іргетас. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді дана халқымыз. Ел тағдыры шешілер сындарлы сәтте баршаңызды ынтымак пен бірлікке, белсенділікке шақырамын.
Қыдырбаев Шудабай
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы




