ҚЫЗМЕТТІК ӘДЕПТІ САҚТАУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Мемлекеттік қызметшінің әдебі – қызметте ғана емес, қоғам алдындағы жауапкершілігінің өлшемі. Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет қойылатын талаптар кәсіби біліктілікпен шектелмейді.
Қызметшінің мінез-құлқы, сөйлеу мәдениеті, этикалық нормаларды сақтауы оның кәсібилігін көрсететін басты талаптардың бірі. Сондықтан әдеп қағидаларын сақтау – мемлекеттік қызметшілер үшін ерекше маңызды.
Мемлекеттік қызметкерлер ар-намыс кодексінде жоғары стандарттарға сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметтік міндеттерін адал атқаруға тиіс.
Азаматтардың өтініштері мен мәселелеріне бейжай қарамау, қызметтік өкілеттіктерін жеке мақсатта пайдаланбау, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу – басты қағидалардың негізі болып табылады.
Жалпы, аудан әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері өздерінің мінез-құлқы мен іс-әрекеті арқылы халықтың сенімін арттыруға үлес қосуы қажет.
Бұл қағидаларды сақтау мемлекеттік қызметтің беделін арттырып, кәсіби мәдениетін қалыптастыруға және азаматтармен өзара қарым-қатынас сапасын жақсартуға жол ашады.
Мемлекеттік қызметші жан-жақты дамыған тұлға ретінде үлгілі өмір салтын ұстануы және отбасылық құндылықтарды дәріптеуі қажет. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің басты міндеттерінің бірі – қызметкерлердің мінез-құлқында әдептілік пен сыпайылықтың болуын қамтамасыз ету болып табылады.
Асқақ моральдық қағидаларды және қызметтік әдеп нормаларын ұстану, қоғамда сенім қалыптастыруға ықпал етеді. Жұмыс орнында да, қоғамдық ортада да мемлекеттік қызметшіге лайық мінез-құлық таныту қажет.
Қорытындылай келе, мемлекеттік қызметші әдебі қоғамдағы өзара сенім мен құрметтің негізі. Сондықтан мемлекеттік қызметшілер кішіпейілділік, сабырлылық, жауапкершілік, адалдық секілді қасиеттерді бойына сіңіріп, үлгі болуға тиіс.
Барша мемлекеттік қызметшілерді жоғары мәдениет пен адамгершілік қағидаттарын сақтауға, Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және Әдеп кодексін қатаң ұстануға шақырамын.
Әдептілік пен адалдықты ту еткен мемлекеттік қызметші ғана халық сеніміне ие бола алады.
Н.Сақтағанов,
аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл




