Жаңа Конституция қазақстандықтардың өміріне қалай әсер етеді – Астанада «Референдум–2026» онлайн-марафоны өтуде

Шара жаңа Конституция жобасын түсіндіругеарналған ақпараттық алаң ретіндеұйымдастырылған. Алты сағатқа жоспарланғанмарафон барысында Конституция жобасыныңнегізгі бағыттары жан-жақты талқыланады.

«Ток-шоу»  және «Сараптау: бұрын және қазір» алаңында 100-ге жуық спикер «ЖаңаКонституция: өзгерістердің мәні», «ЖаңаКонституцияның Преамбуласы», «Егемендік пен Тәуелсіздікбәрінен қымбат», «Человек в центре государственной политики», «Заң және тәртіптіңүстемдігі мемлекет қызметінің негізгі қағидаты», «Тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениеттіқолдау», «Семья и брак», «Құрылтай ықпалы: құзыреті мен міндеті», «Қазақстан Халық кеңесі», «Ұлттық заңнама мен халықаралық шарттардыңарақатынасы», «Волонтерская деятельность», «Экологиялық мәдениет пен жауапкершілік»тақырыптары бойынша пікір алмасып,  конституциялық өзгерістердің әр азаматтыңөміріне әсері туралы айтады. Сонымен қоса, Конституция жобасына бей-жай қарамағанотандастарымыздың жолдаған ұсыныстарыныңКонституция баптарында қалай көрініс тапқанытуралы айтылып, халықтың тілегі ескерілгенқұжаттың жаңа жобасы таныстырылады.

Спикерлер қатарында ҚР Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов, ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаттары АйдосСарым, Ермұрат Бапи, Мұрат Әбенов, АсхатАймағамбетов, Мемлекеттік басқару академиясыБасқару институтының директоры ҚұралайСадықова, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіліДинара Закиева және өзге де қоғам өкілдері бар.

Іс-шара республикалық телеарналар мен интернет-порталдардың YouTube және Facebookплатформалары арқылы тікелей эфирдекөрсетілуде.