«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» өңірлік коалиция мүшелері «Родники-Агро» ЖШС-нің жұмысшыларымен кездесу өткізді


Басқосу барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылып, еңбек адамының құқықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және заң үстемдігін нығайту мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Кездесуде өндіріс саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейту, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету және әділ еңбекақы төлеу тетіктері жөнінде сөз қозғалды. Жаңа жоба әр азаматтың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, әлеуметтік кепілдіктерді нақтылауға және жұмысшылардың мүддесін қорғауды құқықтық деңгейде бекітуге бағытталғаны атап өтілді.
Жұмысшылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қатысты ойларымен бөлісті. Кездесу ашық әрі мазмұнды форматта өтіп, Жаңа Конституция жобасының еңбек адамының мәртебесін арттыруға және әділетті қоғам құруға негіз болатыны жеткізілді.




