Жаңа кезең — жаңа жауапкершілік

Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар ел дамуының жаңа кезеңіне сай жүзеге асырылып отырған маңызды қадам деп есептеймін. Конституция – мемлекетіміздің берік негізі, ал оған енгізілетін әрбір түзету қоғам сұранысы мен уақыт талабына жауап беруі тиіс.
Конституциялық реформалар билік тармақтарының тепе-теңдігін арттыруға, Парламенттің рөлін күшейтуге және мемлекетті басқарудағы жүйелілікті қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндай жаңалықтар елдің саяси жүйесін жаңғыртып, демократиялық қағидаттардың нығаюына серпін береді.
15 наурызда өтетін референдум – әр азамат үшін өз таңдауын білдіруге берілген маңызды мүмкіндік. Бұл науқан халыққа елдің болашағына қатысты пікірін білдіруге және жаңа Ата Заңдағы өзгерістерді қолдауға жол ашады.
Қаракеев Сәттіғұл Оңғарұлы
“Мәртөк тынысы” аудандық қоғамдық-саяси газетінің директоры




