Еліміздегі саяси реформалар: Болашаққа қандай қадам жасаймыз?

 

Қазіргі таңда, қоғамымызда болып жатқан маңызды өзгерістер мен жаңа заң жобалары туралы өз ойыммен бөліскім келіп отыр.

Мен ұсынылып жатқан барлық саяси жобалармен, оның ішінде жаңа Ата заңға қатысты ұсыныстармен мұқият танысып шықтым. Елдің болашағын айқындайтын мұндай маңызды қадамдарға бей-жай қарай алмаймын және өз басым бұл бастамаларды қолдаймын. Өйткені мемлекеттің даму бағытын өзгерту – бір күнде шешіле салатын оңай іс емес. Бұл үлкен саяси тәжірибені, саяси партиялардың және еліміздің ең белсенді азаматтарының ортақ келісімін талап етеді.
Жобада менің назарымды ерекше аударған және толық қолдауға тұрарлық бірнеше негізгі бағыт бар:

Толық цифрландыру жүйесі: Барлық салаға заманауи цифрлық жүйені енгізу. Бұл – бюрократияны жойып, мемлекет пен халық арасындағы байланысты барынша ашық әрі жылдам ететін нақты құрал.

Білім мен ғылымға басымдық: Ең бастысы – осы! Кез келген мықты мемлекеттің іргетасы – сауатты ұрпақ пен дамыған ғылым. Бұл салаларға барынша көп көңіл бөлінуі еліміздегі көптеген түйткілді проблемалардың түбірімен шешілуіне жол ашады деп сенемін.

Біздің еліміздің дамуы мен өркендеуі – әрқайсымыздың қоғамдық істерге қосатын үлесімізге тікелей байланысты. Сондықтан жауапкершілікті сезініп, осындай маңызды бастамалардың басы-қасында болайық!

Телеугалиев Нұрхан
белсенді жас