Жаңа Конституция – әділетті әрі жауапты қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды тарихи қадам

Жаңа Конституция – әділетті әрі жауапты қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды тарихи қадам. Бұл құжат мемлекет пен азамат арасындағы өзара сенімді нығайтып, заң үстемдігін нақтылай түседі.
Қазіргі өзгермелі заманда құқықтық негіздің берік болуы аса маңызды. Жаңа жоба азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, қоғамдағы теңдік пен ашықтық қағидаларын орнықтыруға мүмкіндік береді.
Менің ойымша, бұл – ел болашағына деген сенімді арттыратын және тұрақты дамуға жол ашатын маңызды бастама.

 

Көлкебаев Талғат Омарбекұлы
Мәртөк аудандық мәслихат төрағасы