Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» өңірлік коалициясының мүшелері «Экспо Инжениринг» ЖШС жұмысшыларымен кездесті

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» өңірлік коалициясының мүшелері «Экспо Инжениринг» ЖШС жұмысшыларымен кездесті. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылып, оның еңбеккерлердің құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктеріне тигізетін ықпалы туралы ақпарат берілді.
Жұмысшылармен пікір алмасу кезінде еңбек қауіпсіздігі, лайықты жалақы, әлеуметтік кепілдіктер және тұрақты жұмыс жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, әр азаматтың заң алдындағы теңдігі, еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілік пен азаматтардың қоғам өміріне қатысу мүмкіндігі туралы түсінік берілді.
Кездесу барысында жұмысшылардың сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныстары назарға алынды. Жаңа Конституция арқылы әр азаматтың құқықтары қорғалған, тең мүмкіндіктерге ие және әділетті қоғам қалыптастыру – басты мақсаттардың бірі екені атап өтілді.
#референдум
#референдум2026
#жаңаКонституция
#новаяКонституция
#АтаЗаң
#15наурыз




