Ең жоғарғы құндылық – адам

Қайырлы күн, форумға қатысушылар!
Бүгін мен жаңа Конституциялық баптарды талдау үшін емес, оның мәнісі туралы сөйлегім келеді. Біз жаңа Конституция жобасын жалпыұлттық референдумға шығарып отырмыз. Бұл жай ғана заң мәтіні емес. Бұл – біздің қандай елде өмір сүргіміз келетіні туралы ортақ шешім.
Жаңа Конституцияда ең алдымен бір нәрсе нақты жазылды: ең жоғарғы құндылық – адам. Оның өмірі, құқығы.
Конституцияның жаңа жобасында қос палаталы парламентті Құрылтай деп аталатын бір палаталы парламент алмастырады. Ол заңдар қабылдайды, негізгі шешімдерге қатысады. Бұл көбірек жауапкершілік, көбірек ашықтық деген сөз.
Конституция адам құқықтарын: өмір сүруге, сөз бостандығына, еңбекке, білім алуға, медициналық көмек алуға деген құқықтарды нақты бекітеді.
Тағы бір маңызды бағыт – білім мен ғылым. Мемлекет адами капиталды дамытуды басты стратегиялық бағыты ретінде көріп отыр. ХХІ ғасырда елдің күші табиғи ресурстарда емес, білімді, ойлай алатын, жауапты азаматтарында. Сондықтан жастарға мүмкіндік беру – жай ұран емес, бұл мемлекеттік саясаттың негізі.
Экология мәселесі де айқын көрсетілген. Табиғатты қорғау – бұл біздің алдымыздағы жауапкершілік. Денсаулық, өмір сапасы, қауіпсіз орта – бәрі осыған байланысты.
Құрметті форумға қатысушылар!
Референдум – бұл формалдылық емес. Бұл әркімнің өз ұстанымын білдіру мүмкіндігі. Конституция – тар шеңбердегі мамандарға арналған құжат емес. Бұл бүкіл елдің өмір сүру қағидалары.
Сондықтан мен мұны анағұрлым түсінікті, анағұрлым жауапты жүйеге жасалған қадам деп санаймын. Жалаң ұрандарсыз. Артық кетусіз. Мықты мемлекет біртіндеп – сенім, заң және азаматтардың қатысуы арқылы құрылатынын түсіне отырып.
Болашақ бір күнде құрылмайды. Бірақ оны бүгінгі шешімдер қалыптастырады. Сондықтан баршаңызды 15 наурыз күні еліміздің болашағы үшін дауыс беруге шақырамын.
Рахмет.
Райзих Артём Иванович
05.03.2026 жылғы аудандық жастар форумындағы сөйлеген сөзінен



