Жаңа Конституция – әділетті қоғам құруға негіз болатын басты құжат

Жаңа Конституция – бұл еліміздің даму бағытын айқындайтын, әділетті қоғам құруға негіз болатын басты құжат. Өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының Конституциясы аясында мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге және қоғам мен билік арасындағы ашықтықты нығайтуға бағытталған.

Конституцияда белгіленген қағидаттарды жүзеге асыру әрқайсымыздың жауапкершілігімізде. Заң үстемдігі, әділдік, ашықтық және кәсібилік – біздің күнделікті жұмысымыздың басты ұстанымы болуы тиіс. Әрбір қабылданған шешім ел мүддесіне қызмет етіп, халық сенімін арттыруға бағытталуы қажет.

Жаңа реформалар мемлекеттік қызметтің сапасын көтеріп, азаматтарға қолайлы әрі тиімді қызмет көрсетуге жаңа мүмкіндіктер береді. Біз осы өзгерістерді қолдап қана қоймай, оларды іс жүзінде жүзеге асыруға белсенді атсалысуымыз керек.

Бірлігіміз бекем, мақсатымыз айқын болса, Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз!

 

Курмангалиев Алмас