Бүгін өңірлік коалицияның мүшелері Мәртөк ауданындағы орман шаруашылығы мекемесінің ұжымымен кездесті

Бүгін өңірлік коалицияның мүшелері Мәртөк ауданындағы орман шаруашылығы мекемесінің ұжымымен кездесті. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылып, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Мекеме қызметкерлері өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, табиғатты сақтау мен орман қорын қорғаудың маңыздылығына тоқталды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар жаңа Конституция жобасының елдің тұрақты дамуына ықпал ететініне сенім білдірді. 🌿

#референдум
#референдум2026
#жаңаКонституция
#новаяКонституция
#АтаЗаң