Бұл – заң үстемдігі орнаған, әрбір азаматтың құқығы қорғалған Әділетті Қазақстанды құрудың нақты тетігі

Бүгінгі таңда елімізде болып жатқан саяси реформалар мен Жаңа Конституция – бұл қоғамымыздың демократиялық даму жолындағы өте маңызды, тарихи қадам. Жаңа Ата Заң ең алдымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іс жүзінде бекітіп, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтеді. Бұл – заң үстемдігі орнаған, әрбір азаматтың құқығы қорғалған Әділетті Қазақстанды құрудың нақты тетігі.
Депутаттық корпус үшін де бұл өзгерістердің маңызы зор. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің нығаюы, мәслихаттардың рөлінің артуы – өңірлеріміздің, оның ішінде ауыл-аймақтың әлеуметтік жағдайы мен инфрақұрылымының дамуына, мәдени-қоғамдық өмірінің жандануына тікелей оң ықпалын тигізеді. Шешім қабылдау процесі халыққа жақындай түседі.
Біздің болашағымыз – өзіміздің қолымызда. Отанымыздың өркендеуі, экономикамыздың тұрақтылығы мен ұрпағымыздың жарқын келешегі үшін осынау тарихи кезеңде бірлік танытуымыз қажет. Мен барша жерлестерімді, әрбір азаматты жауапкершілікпен таңдау жасап, еліміздің ертеңі үшін жаңа Конституцияны қолдауға шақырамын!
Дияров Мейірхан Рамазанұлы
Мәртөк аудандық мәслихат депутаты



