Бұл реформалар – ауыл тұрғындары үшін өте маңызды

Жаңа Конституция – бұл тек саяси құжат қана емес, ол ауыл-аймақтың дамуына, аграрлық сектордың өркендеуіне және ауылдық жерлердегі инфрақұрылымның жақсаруына берік кепіл болатын басты тетік. Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық қуаты тікелей ауыл шаруашылығына байланысты екені баршамызға аян. Сондықтан жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейтіп, халықтың шешім қабылдауға қатысуын арттыратын бұл реформалар – біздің сала үшін де, жалпы ауыл тұрғындары үшін де өте маңызды. Бұл қадам әрбір еңбек адамының құқығы қорғалатын, әділеттілік үстемдік құратын қоғамды қалыптастырады.
Қуатбаев Мәдениет Егорұлы
депутат




