Республикалық референдумға дайындық: мүгедектігі бар адамдар үшін учаскелердіңқолжетімділігі қамтамасыз етіледі

Қазақстанда республикалық референдумғадайындық аясында дауыс беру учаскелерініңбарлық азаматқа қолжетімді болуына ерекшеназар аударылып отыр. Осы бағыттағыжұмыстарды пысықтау мақсатында Орталықреферендум комиссиясының мүшелері елдіңбарлық өңіріне инспекциялық сапарлар жасап, учаскелердің жабдықталу деңгейін тексерді.
Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуы бойынша дауыс беру учаскелерін заңнаматалаптарына толық сай әзірлеу қажеттігі, әсіресемүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы әрікедергісіз орта қалыптастыру мәселесінебасымдық берілуде.
«Бүгінде барлық дауыс беру учаскелерінде мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайы бұрыштар жабдықталған. Онда компьютерлер, үлкейткіш әйнектер, қосымша жарық көздері, дауыс беру бюллетеніне арналған Брайль қарпіндегі трафареттер, сондай-ақ Конституция жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудио нұсқалары қарастырылған.
Сонымен қатар, учаскелер пандустармен, кіреберістегі тактильді көрсеткіштермен және ғимарат ішіндегі тактильді навигация құралдарымен қамтамасыз етілген. Ал мұндай жабдықтар әлі толық орнатылмаған нысандарда жергілікті атқарушы органдар уақытша пандустар мен тактильді бағыттағыштарды орналастыру жұмыстарын қолға алған. Бұл мүгедектігі бар адамдардың дауыс беру учаскелеріне еш кедергісіз кіруіне мүмкіндік береді», – деді Нұрлан Әбідров.
Дауыс беру күні де қосымша қолдау шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, мүгедектігі бар азаматтар үшін инватакси қызметі мен сурдоаудармашылардың көмегі ұсынылады. Бұл олардың референдумға толыққанды қатысуына жағдай жасаудың маңызды тетігі болмақ.
«Комиссия мүшелерін даярлау ісі де назардантыс қалған жоқ. Учаскелік комиссияларды қосаалғанда, комиссия мүшелері мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен қажеттіліктерінеқатысты арнайы оқытудан өтті. Оқу барысындақарым-қатынас әдебі, дұрыс терминологиянықолдану және мүгедектігі бар азаматтардың түрлісанаттарымен тиімді жұмыс істеу ерекшеліктерікеңінен түсіндірілді», – деді ОРК Төрағасы.
Бұдан бөлек, еліміздің үш өңірінде – Ақтөбе, Қостанай және Павлодар облыстарындапилоттық жоба аясында мүгедектігі бар адамдарға арналған жаңа инновациялықшешімдер енгізілген бір-бірден арнайы дауысберу учаскесі жұмыс істейтін болады.
Осылайша, республикалық референдумғадайындық барысында инклюзивті орта қалыптастыруға бағытталған нақты шараларқолға алынып отыр. Бұл әр азаматтың өзініңконституциялық құқығын тең жағдайда жәнеқолайлы ортада жүзеге асыруына мүмкіндікбереді.



