Жаңа Конституция азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп қана қоймай, билік пен халық арасындағы жауапкершілікті нақтылайды

Жаңа Конституция азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп қана қоймай, билік пен халық арасындағы жауапкершілікті нақтылайды. Мемлекеттік басқару жүйесінде ашықтық пен әділдікке басымдық беріліп, заң үстемдігі нығаяды. Бұл әрбір азаматтың ел тағдырына бейжай қарамай, қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік. Сонымен қатар, жаңа Конституция білім арқылы саналы, жауапкершілігі жоғары, отансүйгіш азамат қалыптастыруға бағытталған. Білімді ұрпақ – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының тірегі. Сондықтан Конституциядағы білімге қатысты нормалар болашаққа салынған инвестиция деп айтуға болады.
Начевская Александра



