Конституция – адам құқықтарының негізгі кепілі

Жаңа Конституция жобасының басты ерекшеліктерінің бірі – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған нормалардың болуы. Конституция – адам құқықтарының негізгі кепілі. Сондықтан оның мазмұны қоғамның сұранысына жауап беруі тиіс. Соңғы жылдары Қазақстанда азаматтық қоғам белсенді дамып келеді. Бұл жағдай құқықтық нормаларды жетілдіру қажеттігін көрсетеді.

Жаңа Конституция жобасы осы үрдістерді ескеріп әзірленген. Құжатта азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған бірқатар маңызды баптар бар. Олар мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар әлеуметтік әділеттілік қағидатын күшейтеді. Конституциялық өзгерістер мемлекеттік органдардың жауапкершілігін де арттырады. Бұл азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік береді.

 

Аманқосов Асқар

белсенді жас